Ізгілік - рухани құндылығың

Ізгілік - рухани құндылығың

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен "Ізгілік - адамгершіліктің айнасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысты. 

Жиынға Еркінбек Бейсенбекұлы модераторлық етті. Отырысқа қатысқан ардагерлер кеңесінің мүшелері, қариялар, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың  ұстаздар ұжымы өз пікірлерін ортаға салып, ізгілік төңірегінде әңгіме қозғалды.

Өкіл имам Қанат Әділханұлы өз сөзінде ізгіліктің негізі шынайылық, жанашырлық екенін тілге тиек етіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ізгіліктің ислам дінінде алар орны жайлы мардымды ой айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: