Аудандық әйел-қыздар секторы: Ораза айттағы іс-шаралар

Аудандық әйел-қыздар секторы: Ораза айттағы іс-шаралар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айыда өкінішке орай өз мәресіне жетті. Қимастықпен қоштасқан мұсылман қауымы қасиетті айдың соңғы күндерін ізгі амалдарды жарыса атқаруда.

Алланың рахымы неткен керемет десеңші, Рамазан аяқталса да Жаратушымыз бізді айт мерекесімен қуантуда. Айт мерекесіне орай Қордай аудандық мешітінің әйел-қыздар секторы 5 әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларды зиярат етіп, мешіт атынан 10 000 теңгеден қайырымдылық көмек көрсетті.

Мерекеге орай мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаражатты "Зекет" корпаративтік қорына ізгі амалдарға жұмсауға аударды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: