Ораза айт намазы оқылды

Ораза айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза айты — бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті илаһи шуағы мол мереке. Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңіл айдынын хақ дариясымен суарып, жүректі ақиқат сырларына малындырып, адамзат баласы «мумин» мақамына көтеріледі. Айт мерекесі айт намазымен басталады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты: «Расында, Алла сендерге ол екеуін одан жақсымен алмастырып берді: құрбандық күні және ораза айты күні». (Әбу Дәуід).

Бүгін де барлық мешіттер айт намазына жиналған қауыммен толықты. Жамбыл облысының орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік айт намазы оқылды.  Келген жамағатқа құрма таралып, «Ораза айт құтты болсын!» атты баннер ілінді. Құрметті азматтарға "Ораза айт" мерекесімен құттықтау қағаздары берілді.

Дәстүр бойынша, айт намазы қасиетті Құран Кәріммен басталып, бас имам Қанат Жұмағұлдың мерекелік уағызымен жалғасын тапты. Жамбыл облысының әкімі Асхар Мырзахметов әкімшілік делигациямен келіп, жиналған жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітнің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: