Бала қуанышы - біздің қуаныш

Бала қуанышы - біздің қуаныш

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 маусым Балаларды қорғау күнінің құрметіне "Һибатулла Тарази" мешіті мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жетімдер үйіндегі балалармен жүздесу өтті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталған мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл бастаған мешіт қызметкерлері мен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар қауымы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев балалар үйіне арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесті. 

Оқуда озат болған үздік оқушыға велосипед сыйға тартылды. Ал қалған балапандарға ойыншықтар таратылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: