Пітір-садақа мұқтаждараға үлестірілді

Пітір-садақа мұқтаждараға үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айында мұсылман баласы үшін пітір садақасын беру - әрбір мұсылман ер мен әйелге – уәжіп. Ардақты Пайғамбарымыз: ﷺ «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас» деп ескертен. 

Міне, қасиетті Рамазан айында жұртшылықтың берген пітір садақасынан  бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде 370.000 теңге мұқтаждарға қайырымдылық ретінде үлестірілді. "Пітір садақадан айттық базарлық" науқанының аясында аталған қаражаттың 200.000 теңгесіне азық-түлік алынып, ас толы қапшықтар (ұн, ас майы, қант, тұз, макорон өінімдері, күріш, айттық тәттілер, т.б.,)  40 отбасыға табысталды.

Сонымен қатар 9 адамға барлығы 100.000 теңгеге, 14 адамға барлығы 70.000 теңгеге ақшалай көмек көрсетілді. Ораза айт алдындағы бұл көмек жанұяларды қуантқаны сөзсіз. 

Қайырымдылық іс-шарасына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұлдың өзі қатысып, көпшілік алдында терең мағыналы, сүбелі сөз сөйледі. 

Мешіт қызметкерлері отбасыларға көмекті таратып, үйлеріне алып кетуге жәрдемдесті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: