Құран хатым оқыған қариға құрмет көрсетілді

Құран хатым оқыған қариға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қасиетті рамазан айының бірер күндері ғана қалды. Кеше соңғы тарауық намазы оқылып, жамағат ұлық аймен қоштасқылары келмей, ұзақ дұға жасады. 

Бір ай бойы Құранды хатым етіп, тарауық намазын жүргізген жас қари Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылы өткен VI Республикалық Құран жарысының жүлделі 1-орнын иеленген   Дулат Әлімбетовке құрмет көрсетілді. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов Құран жаттаған игі ұрпақ тәрбиелеген ата-анаға алғыс айтып, қаридың әкесіне шапан жабылды. Күллі жамағатты артында ұйытып намаз оқытқан жас баланың біліміне разы болған  ақсақалдар ақ баталарын беріп, мағыналы тілектерін білдірді. 

Сонымен қатар көпшіліктің атынан қаржылай сыйлық табысталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: