"Жасыл ел-Тараз" мешіттің арнайы қонағы болды

"Жасыл ел-Тараз" мешіттің арнайы қонағы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қаланың тазалығы мен сұлу келбеті үшін білек сыбанып, даламыздың шырайын келтіріп жүрген "Жасыл ел-Тараз" жұмыс тобы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің арнайы қонағы болды. 

Бүгін қасиетті айда ауыз бекіткен Жасыл елдіктер Алла үйіне шақырылып, ораза дастарханында бас қосты. 

Осы мешттің наиб имамы Ғалымбек Жапек көпшілік алдында әсерлі де, сүбелі сөз сөйлеп, рамазан айы жайлы: мейірім, махаббат, адал еңбек, Алланың дайындаған ризығы мен сауаптары турасында көркем уағыз айтты. 

Айта кету керек, кез келген мезгілде суығы мен ыстығына төзіп, өз жұмыстарын аса ыждаһаттылықпен атқарып жүрген бұл топты елемей кетуге болмас. Отырыста жұмыс тобына алғыс айтылып, жақсы дұға-тілектер айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: