Рамазанда ізгі істер жалғасуда

Рамазанда ізгі істер жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына байланысты өткен имам-молдалардың жиналысында әр ауыл аймаққа Рамазан айында атқарылатын қайырымдылық жоспарлары аудандық «Қордай» мешіті тарапынан бекітілген болатын. 

Жаратушы Иеміздің қасиетті айда еселеніп берілетін сауапты күндерін өткізіп алмай, бекітілген қайырымдылық кестесі іске асып жатыр. Атап айтсақ, аудандық «Қордай» мешітінде, «Рахман», «Әл-Хафиз» мешіттерінде 80-120 адамға жуық күнделікті ауызашарлар берілуде. Оған қосымша аудандық «Қордай» мешіті бала кезінен мүгедек Айша атты бүлдіршінге дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек көрсетсе, «Бетқайнар»  ауылдық мешіті 10 отбасына 25 кг ұн, гречка, макарон, күріш, шәй және майдан құралған азық-түлік себеттерін үлестірді.

Міненкей, жоспарлы істе береке болып, мешіттеріміз  қасиетті айда қайырымдылық жұмыстарын қарқынды атқаруда.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: