Ардагерлерге ауызашар берілді

Ардагерлерге ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қайсиетті рамазан айы жамағаттың басын намазда ғана емес ауызашарларда да біріктіріп, мерекесімен шаттыққа бөлеуде. 

Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде күнделікті ауызашар дастархан жайылуда. Сонымен қатар арнайы қонақтар шақырылып, құрмет көрсетілуде. 

Кеше қаланың ардақты ардагерлері мешіттің сыйлы қонағы болды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қарттармен дастархан басында сүбелі сұхбат құрып,  ақсақалдардың батасын алды.

Сондай-ақ, қонақтарға мешіт атынан сыйлықтар табысталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: