Қайырым - асыл қазына

Қайырым - асыл қазына

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Ол адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қасиетті Рамазан айының екінші аптасы жағымды жаңалықпен басталды. Атап айтатын болсақ, өңіріміздегі кейбір әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін Шу ауданының кәсіпкер азаматтары қайырымдылық шарасын өткізді.

Осыған орай,  қасиетті Рамазан айында Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен орталық мешіт алаңында жоғарыда аталған санатқа жататын 75 отбасына азық-түлік таратылды. (75 қап ұн, 5кг макарон 75шт, сұйық май 2лт 75 шт, шәй, томат, сгущенка, сабын, порошок, тұз). Мешіт тізіміне әлеуметтік жағдайы төмен 150-ден аса адам тіркелген.Қайырымдылық шарасына соның ішінен көмекке аса мұқтаж 75 отбасын іріктеп алып шақырдық.  Жалпы жұмсалған қаражат 490.450 тг құрады.

"Қолдағы барға қанағат қылу керек, өйткені кімді Алла сүйген болса оған сынақ жібереді. Шынайы мұсылманның сипаты қиыншылыққа сабыр қылады, қуаныш болса шүкір қылады. Баршаларыңызға иманның байлығын тілеймін. Жаратқан ием сіздерді де садақа алушылардан емес, садақа берушілерден қылсын" - деді өз сөзінде Аят қажы Дыбысұлы.

Мұнан кейін аты-жөндері аталған көмек алушылар өздеріне тиесілі азық-түлікке толы қапты кезекпен алып, осындай игі іс-шараны ұйымдастырушы Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұжымына және қайырымды азаматтарға алғыстарын білдіріп, баталарын жаудырды.

  Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: