Бас мүфти қайтыс болған имамның отбасына көңіл айту жедел хатын жолдады

Бас мүфти қайтыс болған имамның отбасына көңіл айту жедел хатын жолдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі облысымыздың құрметті азаматы марқұм имам Парпиев Ермат Нұрматұлының үй-ішіне көңіл айтты. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінен доцент ғылыми дәрежесіне дейін көтеріліп, дін жолында да білім жолында да қызмет жасаған ардақты ұстаздың жанұясына оқытушылар қауымы да келіп жұбату айтты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл жиында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың көңіл айту жедел хатын оқыды. Дүние салған имамға  көпшілік дұға жасап, Құран оқып, хатты табыстады.

Ермат имам білімділігімен, айтқан ақыл-уағыздарымен, асқан сабырлы қалпымен, қарапайым да көркем мінезімен халықтың жадында мәңгі қалмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: