Қордай дін мамандары аналарға құрмет көрсетті.

Қордай дін мамандары аналарға құрмет көрсетті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Анаға жалпы әйел затына асыл дініміздегі құрмет бір  күнмен шектелмей жыл он екі ай жалғасатыны баршамызға мәлім. Жыл он екі ай құрмет пен қамқорлыққа лайық нәзік жандарға ресми түрде атап құрмет көрсету — бірлігімізді арттыра түспесе, кемітпесі анық. Себебі, анаға құрмет – болашаққа құрмет. Анасын құрметтеген, аруларын аялап, қыздарына қорған бола білген елдің де ертеңі кемел екені сөзсіз. Аталмыш жайттарды ескере отыра Қордай ауданының дін қызметкерлері қайырымдылық шараларын өткізді.

Аудан бас имамының тапсырмасы бойынша аналарға ауыл имам-молдалары  ақ жаулықты аналарды түрлі форматта құттықтап, алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Атап айтсақ,  аудандық мешіттің ұйымдастыруымен көп балалы 3 анаға  азық-түлік жиынтықтарымен қоса,  қаржылай да көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасын атқару барысында бас имам Д.Жандосұлы  көп балалы, жалғысбасты аналарды аралап, демеушілер берген көмектерін мешіт ұжымымен таратып, жұма күні аналарға көп дұға жасауды өтініп, сабырлық туралы өсиет айтты.

Әлжан ана, Жаңатұрмыс, Қақпатас, Өтеген, Еңбек, «Хамид бен Бадый» мешіттерінің имамдары ақ жаулықты аналарымыздың үйіне барып, сыйлықтарын үлестіріп, құттықтап қайтты. Үлкен Сұлутөр және Отар ауылдық «Имам Ағзам» мешітінің  имамдары Б. Нүсіпбек және Ж.Темірболатов мешітте дастархан жайып, аналарға сыйлықтарын үлестіріп, ақ баталарын алса, Жамбыл ауылдық «Әл Хафиз» мешітінің имамы Ғ.Шерниязов аналар күніне арналған іс-шараға қатысып, орамалдар сыйға тартып алғысқа кеңелді.

Міне, осылайша, Қордай діндарлары  айтулы күнге өз сүбелі үлестерін қосты.  Алла анаға деген құрметімізді үзбей, жалғастыруымызды нәсіп қылғайсың!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: