Анаға құрмет - баршаға міндет

Анаға құрмет - баршаға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Аналар күнінің құрметіне орай  «Анаға құрмет!» атты мерекелік дастархан жайылып, асыл аналарымызға құрмет көрсетілді.

Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы  аналарды құрметтеу туралы жан-жақты айта келе Пайғамбарымыздың мына хадисін әсерлі етіп айтып берді. Абдулла ибн Омар (р.а.) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Жоқ. Сені босанарда оны қысқан толғақтың біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазар», – деп жауап берді.

Ата-анаға олардың тірі кезінде қызмет ету Алла жолындағы жиһадпен пара-пар іс.

Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: