Ермат имам өмірден өтті

Ермат имам өмірден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Облысымыздың құрметті азаматы, имам Парпиев Ермат Нұрматұлы 1936 жылдың 27 желтоқсанында дүниеге келген. 1954-1959 жылдары орталық Азия Политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1959-1961 жылдары Душанбе қаласындағы бас инженер орынбасары, 1961-1963 жылдары текстиль-галантерея фабрикасының бас инженері, 1963-2014 жылдары Жамбыл технологиялық институтында ассистент, аға мұғалім, кафедра меңгерушісі, доцент болған. 1990-1996 жылдары Өзбек-тәжік мәдени орталығының бірінші президенті, кеңес және халық ассамблеясының мүшесі  қызметтерін жоғары деңгейде атқарған.

Осы қызметтерді атқара отырып, өзі молдадан діни білім алды. 1997 жылы Тараз қаласындағы «Тохта бибі» мешітінің іргетасының  қалануына ат салысты. Мешіт толықтай  2012  жылы ресми түрде ашылып, Ермат Нұрматұлы имамдық қызметке тағайындалды. 20 жылдан астам уақыт ішінде Ислам дінін насихаттауда, мешітті көркейту жолында  жамағат арасында бірлік сақтай отырып қажырлы еңбек етті.

Ермат имам білімділігімен, айтқан ақыл-уағыздарымен, сабырлы, қарапайым да көркем мінезімен халық есінде мәңгі сақталмақ.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: