Кеңес ауылында жаңа мешіт бой көтерді

Кеңес ауылында жаңа мешіт бой көтерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұмада Байзақ ауданы Кеңес ауылында жаңа мешіт ашылды. Айтулы Алла үйінің ашылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысып қайтты. Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Кеңес ауылында бой көтерген мешітке «Кеңес ауылдық мешіті» атауы берілді. Өкіл имам облыс атынан мешітке Құран сыйға тартты. Ал жамағатқа қызмет ететін қасиетті үйге Бас мүфтидің бұйрығы бойынша «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Пернебаев Нұрболат бас имам болып тағайындалса, Ғали Жайлауұлы наиб имам болып бекітілді.

Ауыл тұрғындарын құттықтап аудан әкімі Рахметілдә Рахманбердиев сөз сөйледі.

Сонымен қатар, мешіт салған кісілерге құрмет көрсетіліп, өкіл имам тарапынан алғыс хат табысталды.

Айта кетейік, бүгін ғана ашылған мешітте алғашқы уағыз айтылып, жұма намазы оқылды және оны өкіл имам Қанат Жұмағұлдың өзі жүргізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: