Облыстық медресе ұстаздары Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

Облыстық медресе ұстаздары Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, ұстаздың да рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – сол ұстаз.

Медресе шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім мен тәрбие беріп, олардың бойына ізгі қасиеттерді дарытып, адамгершілік құндылықтарға ұйытып келе жатқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр Әлимұхамедұлы, медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, медресенің үлгілі ұстаздары Асхат Ақмамбетов, Ержан Зайтинов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың алғыс хатымен марапатталды. 

Аталмыш алғыс хатты Бас мүфтидің атынан облыс өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы медресе ұстаздарына табыс ете отырып, өз алғысын жеткізіп, құттықтады. 

«Қоғам мен адамзат алдындағы ерен еңбектеріңізге алғыс айтамын. Өскелең ұрпақты білім мен ізгілікке тәрбиелеудегі ерен жұмыстарыңызға Алла жар болсын! Асыл дінімізді өркендету жолындағы абыройлы істеріңізге береке тілеймін», - делінген алғыс хатта.

Медресенің жеңісті һәм жемісті күндері көп болғай!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: