Қордайдағы келелі жиын

Қордайдағы келелі жиын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша қызмет ететін имам-молдалар кезекті  жиында бас қосты. Аталмыш жиынның ерекшелігі  көшпелі форматта болып, семинар түрінде өтті. Көшпелі семинардың тақырыбы «Діни рәсімдердегі бір ізділік және мешіт шаруашылығын жүргізудің тиімді тәсілдері» болды. Көшпелі семинар ауданның көрікті мешіттерінің бірі «Өтеген ауылдық мешітінде» өтті. Семинар басталмас бұрын Д.Жандосұлы Елбасы Н.Ә Назарбаевтың  биылғы жылғы жолдауымен дін қызметкерлерімен таныстырып, жолдауға қолдау көрсету қажеттігін айта өтті. Алқалы жиында  елордада өткен   «Əлемдік жəне дəстүрлі дін лидерлерінің VI съезінде» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Муфти Серікбай қажы Ораз "Татулықты сақтаудың сара жолы" тақырыбында баяндамасының сан қырлы тұстары ашықталды.

Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша  ауданда діни рәсімдерді бір ізділікке түсіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, сауапты істі жүзеге асыруда болып жатқан қиындықтардың шешу жолдары талқыланып, бір ізділікке түсіру бойынша Кенен және Қаракемер ауыл имамдарының тәжірібиесі тыңдалды. Атқарылған жұмысқа жақсы баға берген бас имам Д.Жандосұлы басқа да ауыл аймақтарға осы бағыттағы жұмыстарға қамшы басу қажеттігі айтылды. Мешіт шаруашылығын жүргізуде, өкіл имам Д.Ә.Жұмабаевтың ауданымызға іс-сапары барысында, алқа мүшелерімен кездесу нәтижесі бойынша  жүктелген тапсырмалардың жүзеге асырылуын сөз еткен Д.Жандосұлы алдағы мақсаттарды тізбектеп берді.  Семинар барысында «мешітті көркейту жұмыстары, жамағатпен байланыс» тақырыбында баяндама жасаған Өтеген ауылдық мешітінің имамы Р.Жапек өз тәжірібиесімен бөлісті. Семинар соңында мешіт имамдарына қаржылық ашықтық, жамағатпен байланыс салықтық және басқа есептерді уақытылы тапсыру дін қызметкерлерінің басты назарында болу қажеттігі айтылды. Семинардан әсер алған имамдар  өз қызметеріне кіріп кетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: