Таразда қазақ күресінен Бас мүфти жүлдесіне арналған турнирге іріктеу өтті

Таразда қазақ күресінен Бас мүфти жүлдесіне арналған турнирге іріктеу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қаласында Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған ҚР Бас мүфтиінің жүлдесіне арналған «Қазақша күрестен республикалық турнирге» Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Төл күресімізден өткен додада облыс көлемінен 13 балуан күш сынасты. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Руслан Мұхаметқалиев, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басшысының орынбасары Еркебұлан  Есмахан, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы және басқа да көрермендер қатысты.  

Сайыста 1-орынды Ерболұлы Абай (70 мың теңге), 2-орынды Пахридинов Дәулет (50 мың теңге), 3-орынды Күзембаев Қанат (30 мың теңге) өз қанжығасына байлады.

Турнирде жеңіске жеткен екі балуан Ерболұлы Абай мен Пахридинов Дәулет Жамбыл облысы атынан республикалық турнирге жолдама алды.

Қазақ күресі – ұлттық дәстүріміз. Қазақ күресі дәстүрімізбен қоса, дінімізбен де астасып жатыр.  Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Күшті мұсылман Алла Тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ», – деген. Сондықтан бұл өнер Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) келе жатқан сүннет.  

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: