Зағип жандарға көрсетілген құрмет

Зағип жандарға көрсетілген құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мүгедектерді қорғау күніне орай Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлының бастамасымен  аудан бойынша  мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды. Бас имам бастаған орталық мешіт қызметкерлері   мүмкіндігі шектеулі мешітіміздің қамқорлығындағы бүлдіршіндерді зиярат етті. Балдырғандарға мешіт атынан көңіл қуантарлық сыйлық жасап оған қосымша азық-түлік, үй тіршілігіне қажетті   шаруашылық заттарды тарту етті.  Сыйлықтарға йе болған жас бүлдіршіндердің  көңілі көкке жетіп, ата-аналары мешіт қызметкерлеріне алғыс айтты.

Зағип жандарға қамқорлықта  «Бетқайнар» және «Құдайберген» мешіттері де ат салысты. Бетқайнар мешітінің имамы Н.Жиенбаев 12 мүгедек отбасына азық –түлік жиынтықтарын таратса, «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаев 10 отбасыға азық түлік жиынтықтарын сыйға тартты. Өткізілген іс-шарадан мүмкіндігі шектеулі жандар жылулықты қажет ететінін және жүздерінен күлкі мен қуаныш отын, көтеріңкі көңіл-күйлерін көрдік. Мүмкіндігі шектеулі жандар «бір-бірімізге мейірімдік танытып, құрмет көрсетуге үндеп, бұл өмірде барлығы уақытша екендігін  ұмыттырмайтынын түсіндік», - деп жылы лебіздерін жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: