«Әйелдер-қыздар» секторы Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өткізді

«Әйелдер-қыздар» секторы Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынды сектор жетекшісі Алдасаева Гүлжан ашып, еліміздің көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігін, мешіттеріміздің көбейіп, халық игілігі үшін жұмыс істеп тұрғандығын, соғыссыз бейбіт, молшылық заманда өмір сүріп жатқандығымызды Елбасымыздың сындарлы саясатымен, тәуелсіздігімізбен байланыстырып,  басшыға бағыну туралы аят-хадистер, жамағатты бірлікке шақыру туралы уағыз айтты.

Одан кейін сөз кезегі қалалық Дін істері басқармасының инспекторы Мадина Қайратқызына және «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары Салтанат және Жібек апайларға беріліп, жолдауды қолдау туралы өз ойларымен бөлісті.

Басқосуға жиналған ақ жаулықты әжелеріміз де жиынға арқау болған тақырыпқа қатысты өз ойларын айтып, келелі кездесу үшін алғыстарын жеткізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің  Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: