Исламдағы толеранттылық тақырыбында кездесу өтті

Исламдағы толеранттылық тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» мешітінде «Исламдағы толеранттылық туралы түсінік» тақырыбында шәкірттермен кездесу өтті.

Кездесуде қалалық Дін істері басқармасының психологы Мадина Қайратқызы тақырыпқа қатысты Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіре отырып мұсылман адамның жан-жақты болуы жайында лекция оқыды.

Құрандағы «Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес» (Нахл, 125), «Дінде зорлау жоқ» (Бақара, 256), «Бұлақиқат (Құран) Раббыларыңнан» де. Сонда кім қаласа, сенсін» (Кәһф, 29) секілді аяттар Ислам дінінің басқа дін иелері мен түрлі діни ұстанымдағы адамдарға көзқарасы мен оларға қандай қарым-қатынаста болу керектігін көрсетуде.

Толеранттылық – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсету болып табылады. Бұл төзімділік тек күнделікті сөзде, пікірімізде немесе жиналған жерде айтылып қана қоймай, іс-әрекеттерімізде де жүзеге асырылған уақытта пайдасын көреріміз ақиқат. Ислам дінінің негізгі қағидаларының бірі болып табылатын діни төзімділік адамдар арасында бір-біріне деген махаббат, сүйіспеншілік, мархамет ету, көмектесу секілді жақсы істерді насихаттайды.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: