Бас мүфти бас хатшымен сұхбаттасты

Бас мүфти бас хатшымен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Исламдық мәзһабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының» Бас хатшысы Аятолла Мохсен Мохаммади Араки бастаған біртоп ирандық делегацияны қабылдады.

Кездесуде бүгінгі Ислам үмбетінің діни тұтастығы, бірлігі, өзара түсіністігі, т.б. мәселелер сөз болды. Бас хатшы Бас мүфтиге «Исламдық мәзһабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының» қызметі жайлы баяндап берді.

Серікбай қажы Ораз мұсылман үмбетінің діни ауызбіршілігін нығайтудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, елімізде әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің рөліне тоқталды.

Өз кезегінде Бас хатшы дін лидерлері съезінің әлемдік бейбітшілікке, діни татулыққа қосып жатқан үлесін сөз етті.

 

muftyat.kz

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: