Мұсылман жастарын көшбасшы болуға үйретеді

Мұсылман жастарын көшбасшы болуға үйретеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан федералдық университетінің ислами және исламтану білімін дамыту жөніндегі ресурстық орталық Қазан қаласында қараша айының 26-29 жұлдызы аралығында өтетін жыл сайынғы «Махалля 2.4» мұсылман көшбасшысы мектебіне қатысуға өтінім қабылдауды бастады.

Естеріңізге сала кетсек, көшбасшы мектебі мұсылман қоғамындағы діни ілімнің теоретикалық проблемаларынан бастап күнделікті өмірдегі міндеттер кеңінен орын алатын көкейтесті мәселелер көтерілетін коммуникативтік алаң болып табылады.

Аталмыш мектептің басты мақсаты – белсенді жас мұсылмандардың қоғами-пайдалы әлеуетін ашып, сындарлы арнаға бағыттау болып табылады.

Биыл мұсылман көшбасшысы мектебінің күн тәртібінде:

-       Мектепке қатысушылардың жобаларының тұсаукесері;

-       «Зайырлы қоғамдағы Махалла» атты дөңгелек үстел;

-       «Медиа кеңістікте Махалля қызметі ақпаратының таралуы» атты семинар-талқылау;

-       «Әһлү сүннә уәл-жамағат деген кімдер» атты көпшілік пікірсайысы;

-       «Мұсылман қауымдастығы өмірінде мұсылман діни басқармасының алар орны» атты көпшілік пікірталас;

-       «Қарым-қатынас шеберханасы» атты психологиялық тренинг өткізілмек.

Жобаның арнайы қонақтар қатысады.  

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: