Татарстан мүфтиі Әл-Азхар университетінде болды

Татарстан мүфтиі Әл-Азхар университетінде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Татарстан мүфтиі ТР президенті Рустам Нургалиевич Минниханов бастаған ресми делегация құрамында іс-сапармен Мысырда жүр.

Камил хазірет Самигуллин әлемдегі көне оқу орындарының бірі – Әл-Азхар университетінде болды.

Қазан қаласынан келген меймандар – Болгар ислам академиясының ректоры Рафик хазірет Мухаметшин, Болгар ислам академиясының президенті Камил Исхаков және ТР мұсылмандары діни басқармасы мен Ресей ислам институтының өзге де өкілдері  аты әлемге әйгілі ислам университетінің тыныс-тіршілігімен танысып, басшыларымен жүздесті.

Кездесу барысында Рустам Нургалиевич Минниханов шейх Салих Аббасқа естелік ретінде ТР мұсылмандары діни басқармасы дайындап, шығарған Қасиетті Құранды сыйлады.

Бұл басылым Сирияның Уақып министрлігіне қарасы Жоғары комиссия тексеруінен тұңғыш рет сүрінбей өтіп, халықаралық стандартқа сәйкестілік куәлігін алды.

Сонымен қатар, университет басшылығымен басқосу барысында ТР президенті аталмыш оқу орнының ислам әлеміндегі ілім мен халықаралық ғылым орталығының ең беделдісі екенін тілге тиек етіп, сондай-ақ, Әл-Азхарда революцияға дейінгі және қазіргі заманның көрнекті татар дін мамандарының білім алған тарихын айтып, Татарстандағы қазіргі кездегі дін саласының ахуалымен таныстырды.

Қазіргі таңда Татарстанда шамамен 1500 мешіт пен 9 медресе халық игілігіне  қызмет етеді, Ресей ислам институты мен Болгар ислам академиясының ашылуына Ресей президенті Владимир Путин тікелей қолдау көрсеткен.

Болгар ислам академиясында Ресейдің 17 аймағы мен өзге 7 елдің 120 (83 магистрант пен 37 докторант) өкілі білім алуда.

Әл-Азхар университетіндегі басқосу барысында оқу-ағарту және ғылыми салада студенттер алмасуын нығайту, студенттер мен оқытушылардың біліктілігін көтеру, әсіресе, араб тілі мен мәдениеті турасынан курстары, теология мен ислами ғылым саласында бірігіп білім жобалар әзірлеу, жалған діни ағымдардың жағымсыз көрінісін болдырмау, радикализмге бірігіп қарсы туру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында Рустам Минниханов Әл-Азхар университетінің делегациясын Татарстан Республикасына келіп, 922 жылы Волжск Болгарларының ислам дінін қабылдағанына арналып өтетін «Изге Болгар жыены» салтанатына қатысуға шақырды.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: