Ділмурат Абу Мухаммад Сауд Арабиясында тұтқындалды

Ділмурат Абу Мухаммад Сауд Арабиясында тұтқындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістан облысының тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде деструктивті салафилік діни ағым уағыздаушыларының белді мүшесі, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып келген Сарыағаш ауданының тумасы Ділмурат Махаматов Сауд Арабиясы Королдігі құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынды. Ол сол елде отырып интернет желісі арқылы Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген»,- делінген Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ділмурат Махаматов «Ділмурат Абу Мухаммад» атымен интернет желісінде танымал болған. Ол елімізде ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздыру бабымен айыпталып отыр.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: