Рим Папасы түсік жасатуды тапсырыс бойынша кісі өлтіруге теңеді

Рим Папасы түсік жасатуды тапсырыс бойынша кісі өлтіруге теңеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түсік – әлдебір мәселені шешу үшін жалдамалы кісі өлтірушіге ақша төлеуге пара-пар. Бұл жөнінде Қасиетті Петр алаңында көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Рим Папасы Франциск мәлімдеген.

Понтифик жиылған қалың елге кезекті рет өмір Жаратушының берген сыйы екендігі жөнінде айтты.

«Әлдебір мәселені шешу үшін адам өмірін қию әділдікке жата ма? Түсік жасату – әлдебір мәселені шешу үшін жалдамалы кісі өлтірушіге ақша төлеуге пара-пар», - деп атап өткен Рим Папасы.

Рим-католик шіркеуі басшысының айтуынша, өмірге келер сәбилерінің дені сау болып тумайтынын білетін ата-аналар қолдауға мұқтаж, алайда мұндай көмектің орнына олар жүктілікті үзіңдер деген кеңес алады.

«Әр адам жаны жарық дүниеге келіп, лайықты түрде қабылдануы керек», - деді Рим Папасы.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: