Каирдегі Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта қалпына келтіру жобасы жалғасады

Каирдегі Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта қалпына келтіру жобасы жалғасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевтың қазақ-мысыр ынтымақтастығы мен оның даму перспективалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы брифингі өтті.

Сөз соңында Елші Халықтың көкейінде жүрген Каир қаласында орналасқан ұлы бабамыз Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта қалпына келтіру жобасы туралы ақпарат берді. Мысырдағы саяси-экономикалық себептерге байланысты 2007 жылдан бастап жүзеге асырылмай келе жатқан бұл жоба қазіргі кезде қайта іске қосылғалы тұрғаны айтылды.

Бұған дейін бас мердігер мен Мысырдың Көне ескерткіштері министрлігі арасында жобаның шығындарының сметасы бойынша болған қайшылықтар Мысыр Премьер-министрінің өзі араласуымен шешімін тапты. Қаржыландырудың бірінші траншын Уақыфтар министрлігі, ал қалған бөлігін Көне ескерткіштер министрлігі қамтамасыз етеді.

 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: