Астанада 15 мың адамдық мешіт салынбақ

Астанада 15 мың адамдық мешіт салынбақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордасы Астана қаласының ең көрікті жерлерінің бірінде 15 мың адам еркін сиятын мешіт салынбақ. Бұл туралы «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-нің бас сәулетшісі Арсений Пирожков мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін елорда әкімдігі жалпы ауданы 3300 гектар болатын қаланың болашақтағы құрылысының төрт перспективті аймағын бекіткен еді. Соның ішінде үшінші аймақ – Мәңгілік ел даңғылынан «Астана» халықаралық қаржы орталығына дейінгі аумақ. Дәл осы тұстан үлкен саябақ ашылып, жаңа мешіт бой көтереді деп жоспарланып отыр.

-Сәулет басқармасы бір жағынан Мәңгілік ел даңғылы, ал, екінші жағынан Қабанбай батыр даңғылымен шектелетін саябақ жобасына байқау жариялады. Көлемі жағынан ол «Ботаникалық бақтан» кіші болады. Сонымен бірге саябақтың жанында 15 мың адамдық жаңа мешіт орналасады. Қаладағы ең үлкен мешіт те сол болады,-дейді А.Пирожков.

 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: