Сауд Арабиясы 88 жылдығын атап өтті

Сауд Арабиясы 88 жылдығын атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы корольдік негізінің қаланғанына 88 жыл толу мерекесін атап өтті. САК тұрғындарын Ұлттық күнімен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман құттықтап, бұл мереке - ел жетістігін еске салу мүмкіндігі деп атап өткен болатын.

«Біздің Ұлттық күнімізде өз еліміздің халықаралық, ислам және араб деңгейіндегі ұстанымымызды мақтан тұтамыз», - деп айтқан мұрагер ханзада.

Сондай-ақ, Мұхаммед бен Салман ел «Ислам қағидаларына берік болып қалатынына», «төзімділік пен ұстамдылық дініне», сонымен қатар, «экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресуді жалғастыратынына» және «ешкімге де отан егемендігіне шабуыл жасатпауға әрі оған қауіп-қатер төндірмеуге» уәде берді.

Сауд Арабиясы корольдік мерекесін тойлау арқылы әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енді. Атап айтқанда, Ұлттық күнді мерекелеу кезінде елдің 20 қаласында орналасқан платформадан бір мезгілде 900 мың отшашу атылған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: