Ресейде 20 жастан төменгілерге алкоголь сатуға тыйым салынуы мүмкін

Ресейде 20 жастан төменгілерге алкоголь сатуға тыйым салынуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейде алкоголь сату жасын ұлғайтуы мүмкін, өйткені жастай алкоголь ішу -ішімдікке үйір болу қаупін анағұрлым арттырады. Бұл жөнінде әлеуметтік мәселелер бойынша вице-премьер Татьяна Голикова «РИА Новости-ге» берген сұхбатында мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, қазіргі таңда үкімет 20 жасқа толмағандарға алкоголь ішімдіктерін сатуға тыйым салу мүмкіндігін қарастыруда.

«Қазіргі таңда орын алып жатқан жағдайларды саралай келе, мұндай шараны енгізу керектігі жайлы ойланар едім, алайда тыйым салар жас деңгейі  21 жас емес, 20 жас болар», - деп атап өткен  вице-премьер.

Айта кету керек, жуырда жарияланған зерттеулер нәтижесі бойынша, ресейліктердің 58% 21 жасқа дейінгілерге алкоголь сатуға тыйым салуды енгізу идеясын қолдаған болатын. Қазіргі таңда алкоголь 18 жастан жоғарыларға сатылуға рұқсат етілген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: