Швейцария тұрғындары никабқа тыйым салуға дауыс берді

Швейцария тұрғындары никабқа тыйым салуға дауыс берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Швейцариядағы Санкт-Галлен кантонында референдум күні өтті әрі осы референдум аясында өңір тұрғындары бірқатар мәселелер туралы өз көзқарастарын білдірді, атап айтқанда, ГМА қосылған өнімдерге тыйым салу және Конституцияға велоспортты дамытуды енгізу туралы пікірлерін айтты.

Сонымен қатар, өңір тұрғындары «қауіпсіздікке қатер төндіретін болса» қоғамдық орындарда бетті бүркемелеп жүретін киімдерді киюге де тыйым салуға дауыс берді. Қылмыстық кодекске сәйкесінше түзетулер енгізуге азаматтардың 67% өз көзқарастарын білдірген. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында бұл бастаманы кантон парламенті де қолдаған болатын.

Қазіргі таңда заң жүзіндегі осыған ұқсас тыйым салу көршілес Тичино кантонында жүзеге асуда. Мұның алдында федералдық деңгейде Швейцария аумағында ел билігі никаб киюге тыйым салу турасындағы бастаманы қабылдамай тастаған болатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: