Сауд Арабия палестиналықтардың қажылық өтеуіне тыйым салды

Сауд Арабия палестиналықтардың қажылық өтеуіне тыйым салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы қажылық парызын өтеуге келетін Ливан аумағында тұратын палестиналық босқындарды елге кіргізбейтін болады.

Таяу Шығыс БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, корольдік Ливанда тұратын әрі палестина төл құжаты жоқ 300 мыңдай палестиналықтарға виза беруді тоқтатқан.

Бір мағыналы емес мұндай қадамға Палестинадағы адам құқығы бойынша орталықтың өкілдері алаңдаушылық танытуда, дегенмен, Сауд Арабиясы тарапынан неліктен  виза бермеу себептері көрсетілмеген.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда БАҚ беттерінде Сауд Арабиясы үкіметі Иордания азаматығын алған палестиналықтарға да қажылық парызын өтеу үшін Меккеге келу визасын беруін тоқтатқандығы туралы ақпарат пайда болған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: