Әйелдерді эфирге шығармағаны үшін радиостанцияға айыппұл салынды

Әйелдерді эфирге шығармағаны үшін радиостанцияға айыппұл салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Израильде сот «Коль бе-Рама» деп аталатын әсіре-діни радиостанциясын эфирге қыз-келіншектерді шығарудан бас тартқаны үшін бір миллион шекель (18,5 млн рубль) көлемінде айыппұл салды.

Қыз-келіншектер қоғамдық қозғалысының белсенділері кемсітушілік танытылғаны турасында наразылық танытып сотқа жүгінген болатын. 

Өзі де нәзік жанды болып табылған сот радиостанцияны жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік танытқаны үшін кіналы деп тапқан.

Соттың айтуынша, негізі, айыппұл 6 миллион шекельден артық болуы керек болған, алайда бұл радиостанцияның банкротқа ұшырап, жабылуына әкеліп соғушы еді.

Айыппұлдан түскен қаражат қыз-келіншектердің мәртебесін нығайту үшін діни және әсіре-діни ұйымдарға берілетін болады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: