Мұсылман келіншектерге арналған 10 негізгі кеңес

Мұсылман келіншектерге арналған 10 негізгі кеңес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл дүниеде күйеуіне ұнағысы келмейтін, күйеуінің оны сүйгенін қаламайтын келіншек жоқ шығар... Әрбір нәзік жан күйеуінің онымен бақытты өмір сүргенін қалайды, бірақ ол үшін жұбайлары күйеулерінің жүрегін жаулап алуы қажет. Төменде күйеулеріңіздін жүрегін қалай жаулап алуға көмектесетін он кеңесті назарларыңызға ұсынамыз:

1.    Күйеуіңіз үшін сүйкімді болыңыз

Барлық нәзік жандар Алла Тағаланың қалауымен табиғи сұлулыққа ие. Алланың берген сұлулығын еріңіздің жүрегін жаулау үшін пайдаланыңыз.

2.    Күйеуіңізді жақсы көңіл-күйде қарсы алыңыз.

Күйеуіңіздің жұмыстан шаршап-шалдығып үйге келгенде оны тап-таза үй, сұлу да сымбатты әйелі, иісі мұрын жаратын дәмді ас, тап-таза киініп, күліп жүрген балалары күтіп алса, міне, содан артық бақыт бар ма? Еріңіздің сізге деген сүйіспеншілігі одан ары артатын болады. Ал енді осыған кереғар жайтты көзіңізге елестетіп көріңізші – есіктен төрге дейін шашылып жатқан үй, олпы-солпы жүрген әйелі, күйіп-жанып кеткен тамақ, үсті-бастары кір-қожалақ, шулап-шұрқырап жүрген балалар... Қалай ойлайсыз, еріңіз осындай үйге келуге асығар ма еді?.. Сізге деген сүйіспеншілігі артар ма еді?..

3.    Жұмақ мекендеушілерінің сипатын танып-біліп, соларға ұқсауға тырысыңыз.

Құран мен Сүннетте Жұмақ мекендеуші нәзік жандардың нақты сипаттары келітірілген – жібек киімді, үлкен қара көзді және олар өз еріне ән салады. Еріңіз үшін жібектен киім киіп, көзіңізге сүрме жағып, ол үшін ән де салып көріңіз.

4.    Үйде әшекейлер тағып, жасанып жүріңіз.

Құранда көрсетілгендей кішкене күндерінен қыз балалар сырға, білезік тағып, әдемі көйлектер киіп сәнденіп жүреді. Тұрмысқа шығып, бір үйдің келіні болғаныңызда да әшекейлер тағып, еріңіз үшін әдемі көйлектер киюіңізді жалғастыра беріңіз.

5.    Еріңізбен қалжындасып тұрыңыз.

Ер адамдар әзіл-оспақты түсіне білетін қыз-келіншектерге жақын жүргенді қалайды. Күндердің күнінде Алла Елшісі (ﷺ) Жабир есімді сахабасына оны күлдірте алатын қызға үйлен деп айтқан екен.

6.    Еріңіздің тындырып жүрген істері үшін алғысыңызды айтыңыз.

 Көп мәрте алғыс айта біліңіз. Аллаға үнемі шүкіршілік айтып, еріңізге алғысыңызды білдіруден шаршамаңыз, өйткені Тозақ отына түсетін әйелдердің көбісі оларда шүкіршіліктің жоқтығынан, алғыс айта білмеуінен.

7.    Үйіңізді дау-жанжалдың орталығына айналдырмаңыз.

Лапылдап жанайын деп тұрған өртті, сіз кінәлы болмасаңыз да «Кешір» деген бір ауыз сөзбен өшіріп тастап отырыңыз. Сөз таластыра жөнелсеңіз, сіз отқа майды құя түсетін боласыз.

8.    Әрқашан еріңізге ұнауға, соның көңілін табуға тырысыңыз, өйткені ол сізді Жұмаққа кіргізетін кілт болып табылады. Алла Елшісі (ﷺ) айтқандай, ері разы болған әйел өлгенде Жұмаққа кіреді.

9.    Еріңізді тыңдап, оған бойұсыныңыз! Еріне бойұсыну парыз болып табылады! Сіздің еріңіз – үйдің басшысы, отбасының отағасы. Оған құрмет көрсетіп, толықтай бойұсына біліңіз.

10.  Сіздің құрған некеңіз, отбасылық қарым-қатынасыңыз қайырлы да берекелі болсын деп Алла Тағалаға дұға жасаңыз. Барлық игілік Алладан. Бұл дүниеде басталып, Алланың қалауымен, о дүниеде – Жұмақта жалғасын табатын некеңіздің қайырлы болуы үшін Алладан дұға сұрауды ұмытпаңыз.   Алла Тағала күллі жұптардың бақытты өмір сүруін нәсіп етсін. Әмин. 

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: