Нәпсінің үш түрі

Нәпсінің үш түрі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда «нәпсі» сөзінің екі мағынасы келтірілген. Бірінші жағдайда «нәпсі» сөзі өз-өзін сипаттауда қолданылады, демек, «нәпсі» сөзін «мен өзім» немесе «жан» деп аударуға болады. Бұған мысал ретінде Алла Тағаланың Құрандағы мына сөзін келтіруге болады:

«(Мұхаммед!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі-кеш зікір ет. Сондай-ақ кәперсіздерден болма» (7:205).

Құранда «нәпсі» сөзінің екінші мағынасы болып табылатын опасыз тілек, жағымсыз түйсіктер және эго жиі кездеседі. Бұл мағынаның тібірінде зұлымдық, құштарлық, ынтызарлық жатыр. Оны тағы да тән жаны деп те атауға болады. Нәпсі рухтың бөлігі болып табылмайды, дұрысы, біздің физикалық денеміздің бөлігі. Алла Тағала Өзі жаратқан пендесіне ішкі жасаушы  - рхани  бөлігін немесе рухты салған.

Қасиетті Құранда нәпсіге қатысты үш анықтамасы бар, яғни, нәпсінің үш түрі келтірілген:

  1. Әл-аммара нәпсісі

إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ

«Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады» (12:53).

Арсыз, «кегежек» нәпсі опасыздыққа бастайды. Бұл бізге не істеп, не қою керектігін бұйырып отыратын нәпсі. Нәпсіде бір тілек пайда бола қалса, ол бойымызды үйіріп, бізге бұйыра жөнеледі. Нәпсі әл-аммара адамды өзіне толықтай бағындырып алады да өзінің қисынсыз тілектері мен нұсқауларына көндіреді. Өмірде «адам өзін бақытты ететін нәрселерді ғана жасауы керек» деген сөздерді көптеп естіп жатамыз, бұл нәпсіден келіп жатқан тілектер. Адамның өзіне қайыры жоқ, тек оның құштарлығы мен тілектерінен ғана шығып жатқан дүниелер оны бақытты етуі мүмкін. Мұндай адамдар әл-аммара нәпсісінің құлына қалай айналып кеткенін білмей де қалады.

  1. Әл-лаууама нәпсісі

وَلَا أُقْسِمُ بِالنَّفْسِ اللَّوَّامَةِ

«Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін (75:2).

«Лаввам» сөзі айыптау, сөгу дегенді білдіреді. Бұл адамды күнә жасауға итермелейтін, бірақ содан кейін өзін айыптап, кіналы сезіндіретін нәпсі. Өзін кіналы сезіну сезімі арта береді де адам күнәны жасауды қояды. Мұндай нәпсі күнә жасағаннан кейін адамға кінә, ұят, өкіну сезімдерін сезіндіріп, бұдан былай ешқашан күнә жасамауды қалайды. Олар енді ешқашан мұндай нәрсеге бармаймыз деп те ниет білдіруі мүмкін. Осылайша нәтижесі әртүрлі болып келетін нәпсімен күрес жүріп жатады.

  1. Әл-мутма’ инна нәпсісі

يَا أَيَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّةُ ارْجِعِي إِلَى رَبِّكِ رَاضِيَةً مَرْضِيَّةً

«Әй орныққан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!» (89:27-28).

Мутма’ ин сөзінің екі мағынасы бар:

  1. Алла Тағаланың үкіміне разы болушы. Алла Тағаланың қалауына разы болу мұндай адамдарды бақытты етеді. Мұндай адамдар өздерін бақытты жасайтын нәрселерді ғана жасайды, өйткені бұл адамдар өздерін тек Алланың разылығын алуға және Алланың қалауына разы болуда ғана жан тыныштығын табуға болады деп тәрбиелейтіндер. Ендеше, жан тыныштығы Алланың разылығында;
  2. Тыныштыққа кенелген нәпсі. Адамның нәпсісі еркіндікке шығады, ол тек қана күнә жасаудан шектеліп қана қоймай, сонымен қатар, ол күнәнің жасалғанын қаламайды да. Енді нәпсінің тек жақсы тілектері болады. Мұндай жан тек Алланың бұйырғандарын орындауды, тыйғандарынан тыйылуды ғана қалайтын болады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: