Күйеуіңіздің көз қуанышы бола аласыз ба?

Күйеуіңіздің көз қуанышы бола аласыз ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көптеген апа-сіңілдеріміз тұрмысқа шығып алған соң ерлерінің алдында сұлу да сымбатты болып жүру керектігін мүлде естерінен шығарып жібереді. Әртүрлі сылтаулар тауып өздерінің сыртқы келбетін ретке келтіріп жүру үшін еш күш-жігер жұмсамайды. Қазіргі заманда күйеуінің алдында өзін сымбатты да әдемі етуге көмектесетін қаншама мүмкіндіктерді қолданбау дұрыс емес қой...

Неліктен апа-сіңілдеріміз күйеулерінің алдында өздерін көркем етіп көрсетпейді?

Бәлкім, әрбір апа-сіңіліміздің неліктен ерінің алдында сұлу да сүйкімді болып жүргісі келмейтінің өз себептері бар да шығар. Сондықтан барлық себептерді тізіп шығу мүмкін емес, алайда жиі кездесіп жататын сылтау-себептерді атап шығуға болады:

1. «Бастысы иман». Дін жолында үрген жігітке күйеуге шыққан қыз, оның күйеуіне тақуалығы жеткілікті деп ойлайды. Барлық сұлулық тақуалықта деп сенімді болады. Шүбәсіз, мұның дәлелі Қасиетті Құранда келтірілген: «Әй, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер» (7:26). Бірақ бұл  күйеуіңіздің алдында шашыңыздың ұйпа-тұйпасы шығып, олпы-солпы киініп және үстіңізден жағымсыз иіс шығып тұру керек  дегенді білдірмейді. Жоқ, бұлай жүруге мүлде жол бермеңіз. Әйел баласы күйеуіне ұнау үшін бәрін жасауы керек. Бұл тек сыртқы келбет сұлулығы мен жан сұлулығы үйлескен жағдайда ғана қол жетімді болады.

2. «Ол бәрібір бағаламайды». Күндердің күнінде жұбайы күні бойы айна алдында отырып бет-әлпетін әдемілеп, шашына сән үлгісін жасап, дене-бітімін сымбатты етіп тұратын тамаша бір киімін киіп жұмыстан келген күйеуін осындай керемет бір қалыпта күтіп алды, бірақ оны ері лайықты түрде бағаламады. Мүмкін байқаған да, бағағалаған да шығар, бірақ онысын білдірмеді. Ал жұбайы болса көңіл-күйі түсіп, бұдан былай күйеуі үшін сәнденіп жүрмейтін болды. Жақсы жұбайлар бұлай жасамауы тиіс. Нәзік жандылар, сіздердің ісіңіз – еріңіз үшін сұлу болу және оны қуанту: «Бұл дүние уақытша, осы уақытша дүниедегінің ең жақсысы – тақуа әйел болып табылады. Күйеуі оған бір нәрсені бұйырғанда ол көніп, бойсұнады, ері оған қарағанда қуанады, ал ол бір жаққа кеткенде әйелі пәктігін сақтап, оның мал-мүлкін қорғайды» (Әл-Бұхари; Муслим). Ал күйеуіңіз үндемесе де сіздің ыждаһатыңызды байқап жүреді. Ер адамдардың болмысы, табиғаты солай жаратылған, олар өз сезімдерін сыртқа көп шығарып айта бермейді.

3. «Ол маған ештеме айтпайды – ендеше оған бәрі ұнайды». Бұл қазіргі заманда көптеп кездесетін сылтаулардың бірі. Жоғарыда айтып өткендей, ер адамдар сезімдерін көп білдіре бермейді, бірақ олар бәрін байқап, бәрін көріп жүретінін естен шығармаңыз. Әтірдің иісін, әдемі көйлекті, сәнді шаш үлгісін, сондай-ақ, жағымсыз иісті, олпылықты, өз-өзін күтпеуді – бәрін-бәрін қатты байқап жүреді. Сол себепті ол сізге бір нәрсені қашан меңзеп айтады деп күтудің қажеті жоқ. Өзіңіз әрекет етуіңіз керек, әйтпесе істің соңы мүшкіл болуы мүмкін.

4. Жалқаулық. Күйеуіңізге ұнау жолында жалқаулықты мүлдем ұмытқаныңыз абзал. Оның құқығына шек қоймаңыз. Ол сізден көңіл жұбанышын табу үшін әйелдікке алды. Ал сіздің өз-өзіңізді күтудегі жалқаулығыңыз тек оның ашуын келтіретін болады.

5. Балалар және үйдің қамы. Иә, бәлкім, бұл маңызды себеп шығар. Балаларды тамақтандыру, оларды ұйықтату, үйді жинау, тамақ жасау, тағы-тағысы – бұл тізім ұзарып кете береді. Сонда қай уақытта мен күйеуім үшін сәнденуім керек? – деген сұрақтың тууы орынды жайт.  Алайда бұл тізімдегілердің бәрі де сізді ақтап ала алмайды, сіз үнемі күйеуіңіздің алдында ұқыпты киінген әрі оның көзін қуантарлық әдемі кейіпте жүруіңіз керек. Кейбір апа-сіңілдеріміз жоғарыда келтірген себеп-сылтауларды оқып: «Бұл тіпті де мен туралы емес», - деп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Ал егер көбісі бұл жайттардан өздерін көріп жатса, мұнда еш жақсылық жоқ. Ендеше, осы сәттен бастап, әрекет етіп, өздерін ерлері үшін сәндеуге тырыссын. Иман келтірмеген қыз-келіншектерге ұқсап, солардан үлгі алудың қажеті жоқ, яғни, көшеге шыққанда сәнденіп, басқа еркектерді өздеріне қаратып, ал үйге келе салып опа-далаптың бәрін сүртіп-жуып, өңі басқа бір әйел бола қалу керек емес. Сұлулығыңызды тек еріңіз үшін сақтаңыз, тек соған ғана көрсетіңіз. Және де сұлулығыңызды комодтың бір тартпасына салып қоймай, өзіңізбен күнделікті алып жүріңіз, яғни, еріңіз үшін үйде боянып, әдемі деген көйлектеріңізді киіп, оның көз қуанышына айналыңыз. Асылында, еріңіз үшін әдемі болу жолында «төккен теріңіз» зая кетпейді, міндетті түрде ақталатын болады. Осылай жасау арқылы сіз еріңізге ұнап, оның сүйіспеншілігіне бөленесіз. Ал күйеудің разылығы – Алланың разылығы екенін бір сәтке болса да ұмытпаңыз.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: