Бақытқа кедергі 7 нәрсе

Бақытқа кедергі 7 нәрсе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әртүрлі адамдарды түрлі нәрселер бақытқа жеткізері сөзсіз. Ислам көзқарасы бойынша, күллі адамзат баласына мейірім ретінде түсірілген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегесін ұмытпауымыз керек, оның үлгісінен өз өмірімізге пайда ала білуіміз тиіс.

Исламның басты мақсаттарының бірі бізді бақытсыз ететін дүниелерден алыстатып, тыныштық пен бақытқа бөлеу болып табылады. Мұны түсіну аса маңызды, өйткені көптеген адамдардың пайымдауынша, дінді ұстанатын адамдар жабырқаңқы, тұнжыраған, қуанышсыз болады, бірақ бұл мүлде олай емес. Пайғамбарымызды (ﷺ) әрқашан күлімсіреп әрі бәріне қуаныш сыйлайтын жан ретінде білеміз. Ол (ﷺ) отбасы мүшелерімен, достарымен бірге қуанатын, оларға қуаныш сыйлайтын, қалжыңдасатын, ойнайтын, сол үшін де оны адамдар одан сайын жақсы көрген. Алла Елшісі (ﷺ) адамдарды бақытқа бөлеген, тіпті 1400 жыл өтсе де қуаныш пен бақыт ұғымдары сол мағынада сақталып қалған. Жан тыныштығынсыз бақытқа қол жеткізу мүмкін емес, ал жан тыныштығына қол жеткізу үшін бізге төмендегі нәрселерді білуіміз қажет:

 1.    Күнә. Бұл адамның шынайы бақытына кедергі келтіріп, оны барлық игіліктен айыратын басты жау. Күнә өкінішке әрі өзіне разы болмауға әкеліп соғады, адам өзін дәрменсіз, бишара сезінетін болады. Күнә жасап қойған адам, артынша тәубе келтіріп, Алладан кешірім сұрауы тиіс және ешбір күнә Алланың мейірімінен асып түспейтінін естен шығармау қажет.

 2.    Қызғаныш. Қызғаншақ, көрсеқызар адам нақты бір бұйымды немесе орынға қол жеткізгісі келіп қана қоймайды, сонымен қатар, ол Алла Тағаланың шешіміне наразылық таныта отырып, басқа бір адамды игілігінен айырғысы келеді. Қызғаншақ адам қолында барына қанағат танытып, Аллаға разышылығын білдіргеннің орнына, қолында жоқ нәрсеге назар аударатын болады. Қызғаныш адамның тыныштығын алып қояды, осылай оны бақытынан айырып, адам болмысын бұзады, сол себепті қызғаншақ адам ешқашан бақытты бола алмайды.

 3.   Істегі бейберекеттік. Адам өмірінде нақты бір тәртіптің болуы уақытты зая жібермей, оны дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Тәртіптің болмауы мида бейберекеттіктің орын алуына және жан тыныштығының жоғалуына септігін тигізеді.

 4.    Жағымды әсердің болмауы.  Өмірден жақсы әсер алмайтын адам бір деңгейде қалып, ары қарай жылжи алмайды, мұндай адам, біріншіден, өз-өзінен зерігіп кетеді, әрине, бұл қуанарлық жайт емес.  Адам өзін бақытты сезіну үшін оған жаңа жағымды эмоция, эстетикалық қуаныш қажет, театрға, көрмеге бару керек, орманда қыдырып, кітап оқып, табиғатты тамашалау, жаңа жерлерге қыдырып барған жөн.

 5.    Өкініш. Адам баласы өзінің өткенін өзгерте алмайды, ал өкіну, қам жеу арқылы ол тек өзінің бүгінгі өмірін құртатын болады. Жалтақтап артқа қарамай,  өткен күндер туралы оймен өзіңізді жей бермеңіз, өйткені бұл бүгінгі күніңізге деген ризашылығыңызды білдірмеу болып табылады. Өткеніңізден сабақ алып, ары қарай нық қадам баса біліңіз. 

6.    Түңілу. Бұл қасиет адамның бақыты мен тыныштығын жояды, өйткені игіліктің болуына мүмкіндік бермейді. Кімде-кім жағымсыз дүниелерді ойласа, тек жағымсыз нәтижеге ғана қол жеткізеді. Оптимист болыңыздар әрі Алладан тек жақсылықты ғана күтіңіздер.

 7.    Мақсаттың болмауы. Мақсаттың болмауы құлазушылықты сезінуге мәжбүрлейді және бақытты толыққанды түрде сезіндірмейді. Мақсат пен оған қол жеткізу адамға тек қана сенімділік беріп қоймайды, сонымен қатар, разылық және тыныштық сезіміне бөлейді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: