Кедейлік пен денсаулық мәселелерінен құтқаратын сүрелер

Кедейлік пен денсаулық мәселелерінен құтқаратын сүрелер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. Аса қамқор, ерекше мейірімді» (1:2-3).

«Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі» (17:82).

Бұл баянсыз дүние тірлігінде пенде басынан не қилы қиыншылық пен жағымсыз жайттарды өткереді, адам өздігінен бұл тұйықтықтан шығу шешімін таба алмай дал болады. Шешімін іздеп адамдарға жүгінеді, көмек таба алмаған ол торығып кетеді, дегенмен, әр қиындықтың жауабы Қасиетті Құранда бар.

Біздің жанымызды жегідей жегізіп, басымызды тауға да, тасқа да ұрғызатын қиын мәселелердің жауабын Алла Тағала Қасиетті Құранға әлдеқашан жазып қойған. Біле білген жанға Құранда адам үшін шексіз мейірім бар, Құранды оқу тек қана құлшылық болып табылмайды, сонымен қатар, Аллаға жүгіну арқылы мәселелерді шешу жолы да болып табылады:

Кез-келген зұлымдықтан сақтану үшін «Аятүл Күрсіні» оқу қажет.

Хадисте: «Кімде-кім парыз намаздан соң «Аятүл Күрсіні» оқыса, келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады», - деп айтылған.

Материалдық мәселені шешу үшін 56-шы «Уақиа» сүресін оқыңыз.

Хадисте былай айтылған: «Кімде-кім әр түні «Уақиа» сүресін оқыса, сол кедейлікке ұшырамайды».

Сахаба Абдулла ибн Масуд Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Уақиа сүресін әр түні оқыған адамды ол кедейліктен сақтайды».

Отбасы қатынасында өзара түсінушілікке қол жеткізу үшін 66-шы «Тахрим» сүресін оқыңыз.

Кез-келген қиыншылықта, дертке шалдыққанда «Фатиха» сүресін оқыңыз.

Хадисте: «Егер сен ауырып қалсаң немесе қиналсаң, онда Қасиетті Құранның негізі болып табылатын «Фатиха» сүресіне жүгін», - деп айтылған.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) да былай айтқан: «Егер сіз бір нәрсеге мұқтаж болсаңыз, «Фатиха» сүресін басынан аяғына дейін оқып шығыңыз, Алла қаласа - көмектеседі».

Кез-келген мұқтаждықта немесе табысқа қол жеткізгіңіз келсе, 36-шы «Йасин» сүресін оқыңыз.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Йасин» сүресін оқыңдар, онда қайыр бар, аш адам  тоқ болады, киімсіз - киінеді. Бойдақ отбасын құрады, қорқақ – батыл болады. Қайғылы адам қуанады, жолаушыға жолда көмек көрсетіледі, бір затын жоғалтып алған адам оқыса, жоғалтқанын табады. Өлім аузында жатқан адам қиналмай жан тәсілім етеді, ал ауырып жүрген адам жазылады».

Біреуге жәбір көрсетілгенде, күйзелісте 93-ші «Духа» сүресін оқыңыз.

«Кімде-кім «Духа» сүресін оқыса, сол үшін түнде жетпіс мың періште таң атқанша кешірім сұрайтын болатын».

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: