Алла Елшісінің (ﷺ) ең жеңіл сүннеті

Алла Елшісінің (ﷺ) ең жеңіл сүннеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша анамыздың (р.а.) былай айтқаны келтірілген:

«Мен ешқашан Алла Елшісінің көмейін көрсетіп күлгенін көрген емеспін, ол тек жымиып қана жүретін».

Сахабалардан жеткен көптеген риуаяттарға сай Пайғамбарымыз (ﷺ) олар білген адамзат баласының ең сыпайысы әрі ең көркем мінездісі болған. Ол (ﷺ) үнемі жымиып жүрген әрі оның жүзі күлімсіреуден нұрланып тұратын болған.

Абдулла ибн Салам – яһуди дін қызметкері, ол кейін Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабасы болған. Алла Елшісінің (ﷺ) Мединеге көшіп келгенін естіп, онымен кездесіп, өзін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, кейін ислам дінін қабылдаған. Пайғамбарымыздың (ﷺ) түрін көрген ол: «Мұндай жүзді адам өтірік айта алмайды», - деп айтып, исламды қабылдапты.

Адамныі жүзі және сыртқы келбеті оның ақылы мен мінез-құлқының айқын бейнесі болып табылады. Әр адам өз мінез-құлқына сай «әрекет» жасайтын болады. Біздің бет әлпетіміз – ішкі жан-дүниеміздің айнасы болып табылады. Сондықтан жанымыздың сұлу бейнесі болып табылатын күлімсіреу – сұлу көрініс.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабасы Жарир бин Абдулла былай айтқан:

«Алла Елшісі (ﷺ) мен исламды қабылдаған кезден бастап менің онымен кездесуімнен бас тартпаған ешқашан маған күлімсіремей қарамайтын».

Басқа хадисте былай айтылған:

«Мен ешқашан Пайғамбарымыз (ﷺ) сияқты жиі күлімсіреп жүретін адамды көрмедім».

Алла Елшісі (ﷺ) күлімсіреудің артықшылығы туралы былай айтқан:

«Бауырыңа күлімсіреп қарауың – сенің садақаң болып табылады».

«Жағымды нәрселерге ерініңді шүйіре қарама, тіпті өз бауырыңа күлімсірей қарауға да».

Пайғамбарымыздың (ﷺ) жарлы адамға қолында берер ештемесі болмағанда, ұялғанынан жүзін жасыратын болған. Содан кейін мына аят түскен:

«Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қолыңда болмағандықтан бере алмасаң) онда оларға сыпайы сөйле» (17: 28).

Осы бір аят түсірілген соң, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мұқтаж жанға бөліп берер ештемесі болмаған кезде олардың жанын жадырату үшін күлімсіреп, олармен сыпайы сөйлесетін.

Сондықтан күлімсіреу, амандасу, сыпайы сөйлесудің мәні кемітілмеуі тиіс. Өйткені бұлар - әр мүміннің өзінше бір әлеуметтік құлшылық түрі болып табылады, ал күлімсіреу Алла Елшісінің (ﷺ) сүннеті болып табылады.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: