Зина туралы ойлау күнә болып табыла ма?

Зина туралы ойлау күнә болып табыла ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көкейіне оралатын жаман және жағымсыз ойлары үшін адам жауап бермейді. Өз ойында біреумен зина жасау күнә болып табылмайды. Алайда мұндай ойлар адамды әлдебір қателіктерге немесе күнә жасауға итермелеуі әбден мүмкін. Ең аз дегенде, мұндай ойларға берілген адам баласы өз уақытын босқа жіберетін болады, сол себепті өз ойларыңызға мұқият болып, оларды бақылауда ұстаңыз.  

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол» (17:32). «Жоламаңдар» сөзін негізге ала отырып факихтер зинаға әкеліп соғатын кез-келген әрекетке тыйым салынған болып табылады деген үкім шығарған.

Мұндай амалдар санатына сексуалды негіздегі фильмдер мен фотосуреттерді қарауды жатқызуға болады. Сондықтан мұндай материалдарды қарауға тыйым салынған болып есептеледі, өйткені барлық күнә және адамгершіліктен шығу тыйым салынған жағымсыз дүниелерді көруден басталып, ақыр соңында тәжірибелік әрекеттерге бой алдыруға әкеліп соғады.

Сонымен қатар, көзбен көрген дүние адамның жадында сақталып қалады да кейін келе неше-түрлі қияли ойлардың пайда болуына негіз болып табылады. Адам қайда барса да, не істеп жүре де – бұл көріністер оның көкейінен бір сәтке болсын кетпейтін болады.

Өздігінен туындайтын ойлар мен қиялдар үшін адам жауап бермейді, бірақ егер осы ойлар туралы біз әдейі қиялданатын болсақ, онда бұл біздің жанымызға залалын тигізіп, бізді жамандық жасауға итермелейтін болады. Сондай-ақ, мұндай тақырыптарға қиялдау – адамның елестету сыйын дұрыс қолданбауына дәлел болып табылады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: