Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйікті түстері

Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйікті түстері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сүйікті түсі жасыл болған, дегенмен, ақ түсті де жақсы көргендігі айтылған. Көптеген хадистерде келтірілгендей, Пайғамбарымыз (ﷺ) ер адамдарды ақ түсті киім киюге үндеген. Демек, сүннетке сай ақ пен жасыл түсті киім кию абзал [Ибн Абидин, Радд әл-Мұхтар].

Нақты жасыл түсті сәлде орау сүннет болып табылмайды, бірақ жасыл түсті киім кию сүннет болғандықтан, жасыл сәлде орау сүннетті жандандыру болып табылады Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ) түрлі үлгідегі, әр түсті киімдер киіп жүрген.

Сүйікті түсі - жасыл

Әнас ибн Малик (р.а.) былай айтқан:

«Алла Елшісінің (ﷺ) ең сүйікті түсі жасыл түс болған».

Бұл хадис мына бір риуаятпен бекітілген - Әнас пен бір топ адамдар жасыл шұрайлы жерге келеді, сонда адамдардың бірі: «Қандай керемет жасыл түс!» - деп таңданысын жасыра алмаған екен. Осы оқиғадан кейін Әнас былай айтқан: «Пайғамбардың (ﷺ) сүйікті түсі – жасыл түс деп айту әдетке айналды».

Ғалымдардың түсіндіруінше, Жұмақтағы адамдардың киімдерінің түсі жасыл түсті болатындығы себепті исламда жасыл түсті тәуір көреді.

«Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын [18:31].

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (ﷺ) табиғат ананың сұлу да жасыл шырайына сүйсінгендігі келтірілген.

Ақ түсті киімнің артықшылығы

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Барлық киімдердің ақ түсін таңдаңдар, расында ақ түсті киім сендер үшін жақсы болып табылады, сондай-ақ, өлгендерді де ақ матаға ораңдар».

Ақ түсті киім кию міндетті емес, бұл сүннет. Ақ түс ер адамдарға абзалырақ болып табылады.

Осы хадисті негізге ала отырып кейбір ғалымдар Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйікті түсі ақ түс болған деп те айтқан.

Жасыл сәлде – сүннет пе?

Жасыл сәлде нақты сүннет болып табылмайды, Пайғамбарымыздың (ﷺ) жасыл сәлде орап жүргені туралы дәлел жоқ, алайда жасыл киім кию сүннет болып табылады. Кейбір сахабалардың әр түсті сәлделер орағаны келтірілген, соның ішінде жасыл түс те болған.

Имам әл-Суйути былай айтқан: «Жасыл сәлде орау не Қасиетті шариғаттың заңдарымен, не Сүннетпен бұйырылмаған әрі ежелгі исламда да қолданылмаған. Жасыл сәлде тек хижраның 763 жылы әл-Ашраф Шабан ибн Хасан сұлтанның тапсырыс беруімен ғана қолданысқа түскен».

Әл-Хадими былай айтқан: «Бұл түс – рұқсат етілген жаңа нәрсе. Шариф болып табылмайтындарға жасыл сәлде орауға рұқсат, ал оны орамаған Шарифтерді мәжбүрлеп оратуға болмайды».

Қазіргі таңда сәлденің түсі дәстүрлі салтты анықтайды. Жасыл түсті киім кию – сүннетті ұстану және пайғамбар ұрпағына ұқсауға тырысу немесе біздің кезімізде киіп жүретіндерді рухани жағынан үйрету.

Дұрысы Аллаға аян. 

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: