Мединеде қауіпсіздіктің ерекше шаралары енгізілуде

Мединеде қауіпсіздіктің ерекше шаралары енгізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Медина қаласының қауіпсіздік қызметі қажылардың ағылып келе бастауына қызу дайындық үстінде.

Қажылық қарсаңында әлем мұсылмандарының қасиетті екінші қаласы Мединада қауіпсіздіктің ерекше шаралары енгізілуде.

Аталмыш шаралар сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ()мешіті аумағында және оған іргелес жатқан аумақта да әрекет ететін болады.

Мәлім болғандай, мешіт қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ғибадатханада тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, сондай-ақ, қажыларға гуманитарлық қызмет те көрсететін болады.

Қасиетті орындарда қажылардың бөгетсіз жүріп өтуіне айырықша көңіл бөлінуде. Кептеліс пен айғай-сүрең туу мүмкіндігін кеміту мақсатында қажылар тобырын бақылау үздіксіз күні-түні жүргізілетін болады.

Al-Arabiya ресурсына берген сұхбатында Пайғамбарымыздың ()мешітінің арнайы жасағының командирі Абдуррахман Әл-Мишхан мәлімдегендей, құқық қорғаушылар қажылардың тыныштығы үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайды– тәулік бойы бақылау камераларын қадағалап отырады әрі қажеттілік туындай қалған жағдайда лезде қызметкерлерді жібере қоятын болады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: