Қыз-келіншектердің қолын алып амандаспағаны үшін жұмысынан айырылды

Қыз-келіншектердің қолын алып амандаспағаны үшін жұмысынан айырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Норвегия астанасы Осло қаласында педагог-мұсылман нәзік жанды әріптестерінің қолын алып амандасудан бас тартқаны үшін жұмыс орнынан айырылды.

Аталмыш жігіт қызмет істеген Экеберг мектебінің директоры Бенте Альфхеймнің мәлімдеуінше, оқу-ағарту орнының нәзік жанды қызметкерлері «әлгі жігіттің өздерімен қол беріп амандаспайтынын» айтып шағымданған.

Дегенмен, мұсылман жігіт әр кез не үшін қыз-келіншектерге қолын беріп амандаспайтынын айтып түсіндіріп отырған, яғни, сыйламағандықтан емес, тек діни түсініктен ғана қолын бермейтіндігін айтатын.  

Айта кететін жайт, діни ұстанымдарына қарамастан елдің барлық құқық қорғаушылары қызмет орнынан айырылған педагог-жігіт жағына шығып, оның мүддесін қорғауда.

Мысалы үшін, Қоғамдық кемсітушілікке қарсы ұйымның басқарушысы Ахенатон Оддвар де Леонның айтуына қарағанда, мұсылман мұғалімнің өз қызметін орындауға діни тәжірибесі кедергі келтіретін болғанда ғана жұмыстан шығаруға болады екен. «Алайда орын алып отырған жағдай мүлде басқа», - деп атап өткен ол.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: