ІІМ сыбайлас жемқорлықпен күресте Құранға жүгінді

ІІМ сыбайлас жемқорлықпен күресте Құранға жүгінді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласы бойынша ІІМ бас басқармасының сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Құраннан, Киелі Кітаптан және Тәураттан алынған дәйексөздер бар жаднама жарияланды.

Жаднамада ресей заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың ресми анықтамасы беріліп, жемқорлық қылмыстарының түрлері аталған, сондай-ақ, полиция қызметкеріне пара беруге талпынған жағдайда қалай әрекет ету сызбасы келтірілген.

Осылайша, құқық қорғаушыларға «ептеп, сыпайы түрде, жалбақтамай, ағат сөздер айтпай» пара алу немесе беру мәселесінің уақыты мен орнын келесі кездесуге дейін шегеруге тырысу ұсынылады. Жаднаманың соңында Қасиетті Кітаптардан алынған төмендегідей дәйексөздер келтірілген: «Адамды өлтіріп, жазықсыз қан төгу үшін пара алатындарға лағынет болсын! Күллі халық: Әмин! - дейді» (Киелі Кітап); «Пара беруші де, пара алушы да Тозақ Отына тоғытылады» (Мұхаммед Пайғамбардың ()хадисі, имам Ән-Науауидің «Тақулар бағы» жинағынан); «Заңды бұрмалама... және де сый алма; өйткені сый данышпандардың көзін соқыр етіп, адалдардың ісін бұрмалайды» (Тәурат).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: