Мысырда балаларға намаз үйретудің ерекше тәсілі қолданылуда

Мысырда балаларға намаз үйретудің ерекше тәсілі қолданылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырда жас ұрпақты мешітке келтірудің ерекше бір тәсілі ойлап табылды.

Әл-Бехейра округінің Даманхур қаласында орналасқан Нассер мешіті осынау соны шараның бастамашысы болып табылады.

Al Bawaba жергілікті баспасының мәлімдеуінше, аталмыш мешіттің имамы Алланың үйіне жиі келу бойынша жарыс ұйымдастырып, оған 10-14 жас аралығындағы балаларға қатысуды ұсынған, мысалы үшін, таң намазына үзбей 40 күн бойы келетін балалар 55 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алатын болады.

Имам Мұхаммед Алямның айтуына қарағанда, аталмыш байқауды жүргізуге қажетті қаражатты мешіт жамағатының бірі қайырымдылық ретінде берген екен.

Бір қызығы, қала тұрғындары бұл бастаманы қуана қарсы алған, олардың айтуынша, материалдық сыйақы расымен де мешітке бару әдетін балалардың бойына сіңдіре алатын көрінеді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: