Қытай мұсылмандары ірі мешіттің құлатылуына қарсы шығуда

Қытай мұсылмандары ірі мешіттің құлатылуына қарсы шығуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нинся шет аймағында қытай стилінен ерекшеленіп салынған ірі мешітке  құлау қаупі төніп тұр, сол себепті де жүзден астам тұрғылықты мұсылмандар наразылық акциясын өткізуге мәжбүр болуда.

Reuters ресурсының мәлімдеуінше, құқық қорғаушылар биліктің бұл қадамын діни сенім бостандығына кезекті мәрте жасалып отырған қысастық деп бағалауда. Алыстан мен мұндалап тұратын мұсылман ғибадатханасының қала сәнінен ерекшеленіп тұратын аса көрікті стилі – оны құлатудың себебіне айналып отырған көрінеді.

Сонымен қатар, таяу шығыс стилінде салынған көптеген күмбездері мен мұнаралары бар Вэйчжоу мешіті салыну барысында барлық қажетті рәсімдерден  өтпеген.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: