Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері орталық мешіттің тіршілігімен танысты

Жазғы сауат ашу курсының шәкірттері орталық мешіттің тіршілігімен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде қыз балаларға арналған екінші жазғы сауат ашу курсы басталған болатын. Мұнда шәкірттердің тек діни  дәріс алып қана қоймай, сонымен қатар, рухани, мәдени жерлерге барып, саяхат жасап тұруы жоспарланған. 

Бүгін мешітіміздің  ұстазы Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсында дәріс алып жатқан 80-ге жуық  қыз бала «Һибатулла Тарази» мешітін аралап, арнайы саяхат жасап, мешіт тынысымен танысты.

Орталық мешіттің наиб имамы Амиров Әбдіжаппар жиналған қыз балаларға мешіттің әдебі, тәртібі, сонымен қатар қыз балалар мен әйел кісілердің мешітке келу әдебі туралы біраз ақпарат берді. Сондай-ақ мешітте имам жамағатпен қай жерде намаз оқиды, мінбер не үшін керек деген т.б. сұрақтарға жауап берді.  

Шәкірттердің мешітке саяхаты барысында  біраз ақпараттан хабардар болып, мешіттің ішінде, ауласында естелікке суретке түсті.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: