Қайырымы мол қайырымдылық

Қайырымы мол қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіт қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Қайырымы мол қайырымдылық» атты акция болып өтті. Қайырымдылыққа жағдайы төмен отбасылары мен жетім-жесірлер  қамтылды.

Қайырымдылық акция аясында 14 отбасыға Сарыкемер ауылында орналасқан «Нұр» мейрамханасында ас берілді. Аста «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы садақа жайында уағыз –насихатын айтып жиналған көпшіліктің сұрағына мардымды жауап берді.

Ауданымыздың наиб имамы өз сөзінде мына хадисті тілге тиек етті: «Кімде кім бір мұсылманға жәрдем  берсе, оған Алла Тағала қиямет күні жәрдем береді, кімде кім бір мұсылманның қайғысын жеңілдететін болса,  Алла Тағала ол адамның қиямет күні қайғысын жеңілдетеді».

Астан соң аудандық «Байзақ баба» мешітінде 12 жағдайы төмен жетім жесірлерге азық түлік салынған пакеттер таратылды.

Осы акцияны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне жағдайы төмен отбасылар алғыстарын жаудырып, рахметтерін айтты!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: