Меркі ауданында имам-молдалардың жиналысы өтті

Меркі ауданында имам-молдалардың жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам-молдалардың басын қосып жиын өткізудегі мақсат, үстіміздегі жылдың жарты жылдығында істелетін жоспарды анықтап, толығымен орындалуын қамтамасыз етуі.

Ауданға қарасты ауыл мешіттеріне түгелдей ҚМДБ-ның бекіткен ішкі тәртіпке байланысты бильборттар дайындалып молдаларға табысталды, діни кітаптар таратылды. «Зекет» корпоративтік қоры  және «Уақып» қайырымдылық қорларының жұмысын ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. ҚМДБ-ның төл басылымы «Ислам және Өркениет» газеті, «Иман» журналына 2019 жылға жазылу науқанына жете көңіл бөліп, жыл соңына дейін берілген жоспарды орындау.

Сонымен қатар, діни қызметкерлер арасында тәртіп, кадр мәселесі жайында, өткен жарты жылда істелген іс-шаралар жайында бас имам Қасымалиев Батырбек қажы мәселе қозғап, біраз кемшіліктер болғанын, алдағы уақытта жіберген кемшіліктердің орнын толтырып, болдырмауға тырысып жұмыс атқарайық деп қорытындылады.

Аудандық «Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: