Тараздық имамдарға қызметтік этикаға баса назар аудару қажеттігі түсіндірілді

Тараздық имамдарға қызметтік этикаға баса назар аудару қажеттігі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қала имамдарына кезекті жиналыс өткізді.

Бас имам дін қызметкерін қызметтік этиканы сақтап, мешітке келуші жамағатпен сауатты мәміле жүргізуге шақырды.

Қанат Әділханұлы жылдық жоспарға сәйкес бірқатар мәселелерді қозғап, қаламыздан «Нұр-Мүбарак» университетіне, «Һибатулла Тарази» медресесіне және басқа да медреселерге шәкірттерді бағыттау керек екенін жеткізді.

Сондай-ақ, мектепке жол акциясы, әйелдер арасында Құран жарысын ұйымдастыру, Ханафи мазһабының дәлелдері төңірегінде жамағат арасында жарыс ұйымдастыру жоспарланды.

Жиналыста қала имамдары күнделікті атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің  Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: